№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Мобильное приложение для родителей | ![]() |
2 | "Үйдегі баланың қозғалыс белсенділігі" | ![]() |
Балалабақшада кеңес беру пункті жұмысы жолға қойылған. Жоспарға сай балабақшамен қамтылмаған ата - аналар уақытылы жазылып балаларды пункт жұмысына келіп қажетті сұрақтарына жауаптарын алып тұрады. Қаңтар, ақпан, наурыз айларында наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікке қатысып балабақшаның көңілді атмосферасын сезіне алды. Балалар денсаулықты сақтау және нығайту бойынша медбикелден кеңестер алды. Ата - аналар көктемгі дәрумендерді қабыолдау туралы да кеңестерді ала отырып балаларының денсаулығын нығайтуына үлкен әсер еткенін айтуда. Мектепке дайындық барысында тәрбиешілерден көтеген кеңестері арқылы балалардың мектепке деген қызығушылықтары артуда.
Құрметті ата-аналар!!!
«Рудный қаласы білім блөлімінің «№15 балабақшасы» КМҚК базасында 2024-2025 оқу жылында
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын және баратын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған
Тегін консультациялық пункт жұмыс істейді.
Сіздерге:
1. (Instagram, Facebook, Telegram) мессенджерлері, телефон арқылы мамандардың консультацияларын;
2. Білім беру ұйымының сайтында мәтіндік консультациялар мен бейнероликтерді, шеберлік сыныптарын;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бейне – ойындарды ұсынамыз. Консультация алуға мына телефон арқылы жазылуға болады : 9-01-79
Кеңес беру пунктінің ата- аналарды менгеруші қабылдауы.
Кеңес беру пункітінің балаларымен әдіскер, педагог-психологтың,музыка жетекшісі, жұмысы.
Ата аналарға жаднама:
Хабарландыру!
Балабақшамызда Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (2023 жылғы 28 наурыздағы №249 ҚРК) іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес отбасы мен тәрбиеленушіні
психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар жанынан ата-аналардың (заңды өкілдердің) қажеттіліктері ескеріліп, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың ата - аналарына арналған консультациялық пунті (бұан әріКП) жұмыс жасайды.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері:
- ата-аналарға немесе заңды өкілдерге консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру;
- белгілі бір себептермен мектепке дейінгі ұйымға бара алмайтын балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету;
- мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне КП - тің қызметі аясында балаға көрсетілетін білікті көмек түрлері туралы қажетті ақпарат беру арқылы көмек көрсету