Құрметті ата-аналар!
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар – бұл дамуында уақытша немесе тұрақты ерекшеліктері бар, бірақ әр бала сияқты білім алуға, тәрбиеленуге және қоғамда толыққанды өмір сүруге құқығы бар балалар.
Балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға:
- жеке және топтық түзете-дамыту жұмыстары;
- логопед, психолог, дефектолог мамандарының қолдауы;
- бейімделген оқу-тәрбие бағдарламалары;
- қолайлы, қауіпсіз және қолдаушы орта ұсынылады.
Ата-аналардың рөлі өте маңызды. Үй мен балабақша арасындағы тығыз байланыс баланың дамуына оң әсер етеді. Мамандардың ұсынымдарын орындау, балаға сенім мен қолдау көрсету – жетістікке жетудің басты шарты.
Ерекше бала – бұл ерекше қамқорлық пен түсіністі қажет ететін, өз мүмкіндігі мен әлеуеті бар тұлға. Біз әр баланың дамуына жағдай жасауға дайынбыз.





